Алматыдағы автобус апаты: Зардап шеккендер саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы автобус апаты: Зардап шеккендер саны артты

26.11.2024

Алматыда тепловоз бен автобус соқтығысынан зардап шеккендер саны 7 адамға жетті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бұған дейін 6 жолаушыға алғашқы көмек көрсетілгенін айтқан. 80 жастағы науқастың қабырғалары мен білегі сынып, қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, - дейді дәрігерлер. 5 адам қажетті тексеруден өткеннен кейін амбулаторлық ем қабылдауға жіберілген. Тағы 1 науқас қалалық көпсалалы клиникалық ауруханасында жатыр. Полицияның мәліметінше, қоғамдық көліктің жүргізушісі бірнеше жол жүру ережесін өрескел бұзған. Қазір сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бүгін Алматыда тал түсте Гоголь мен Әуезов көшелерінің қиылысында тепловоз бен 88-бағыттағы автобус соқтығысып, қоғамдық көлік ішіндегі 7 жолаушы зардап шекті.

Гүлнәр Сүйінбаева, куәгер:

Паровоз келе жатыр да, жүргізуші жіберген жоқ жүре берді. Паровоз енді тоқтай алмайды.  Мен мынау есіктің қасында отырдым. Тепловоз келе жатқан соң орнымнан тұрдым, ол ұрған кезде мен жерге құладым. Адамның бәрі маған құлады. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу