БҚО мен Ресей мәдени ынтымақты арттырып келеді
Батыс Қазақстан облысының Ресейдегі көршілес өңірлерде тұратын қандастармен мәдени-рухани байланысы үзілген емес. Шекаралас аймақтағы бауырлар Ақжайыққа жиі келеді. Облыс өнерпаздары да ұлттық өнерге сусаған қандастарымызды қуантуға бейіл.
Мәселен Самара облысында 20 мыңдай қазақ тұрып жатыр. Ұлттық мәдени орталықта үлкендер жас буынға ана тілін ұмытпауына сеп болады. Домбыра тартуды үйретеді. Ал облыс әкімдігі шетелдегі ұлттық бірлестіктерді қазақ тіліндегі көркем әдебиет, оқулықтармен қамтамасыз етеді. Ол жақтың қазақтары атажұрттан келетін әртістерді күтіп жүретіндерін айтады.
Мәтенияз Сүоейменов, «Ақ жол» Самара Қазақ ұлттық мәдени автономиясы президентінің бірінші орынбасары:
Біз Самарада қанша іс-шара өткізгенде Оралдың филармониясы көмек беріп, жыл сайын келіп жүрді. Бүгін енді уақыт тауып, шекарадан өтіп, осындай керемет жақсы концертке келіп отырмыз. Біздің жақта қазақтар шөлдеп қалды ғой осындай әндерге. Жастарға, балаларға қазақтың дәстүрін, тілін үйретіп жатырмыз қазақ автономиясында. Ансамбльдеріміз бар.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25