Түркияның басым бөлігінде қалың қар жауып, жолдар жабылды
Түркияның басым бөлігінде қалың қар жауып, боран соғып, жолдар жабылды. Кей жерлерде қардың қалыңдығы 1,5 метрге дейін жеткен. Таулы аймақтарда жүзден аса елдімекенге апаратын жолдар жабылып қалған.
Ал мамандардың ескертуіне қарамастан жолға шығып кетіп, қар құрсауында қалған ондаған жүргізуші мен жолаушы құтқарылды. Кей қалааралық автожолдарда ұзын сонар кептеліс пайда болды.
Боран мен қардың кесірінен бірнеше аймақта мектептер мен университеттерде сабақ тоқтатылды. Синоптиктер ел аумағында апта бойы жаңбыр мен қар жауады деп болжап отыр.
Февзи Бурак Текин, Метеорология басқармасының маманы:
Елдің солтүстік және шығыс бөлігінде алдағы бірнеше күн бойы қар жауады. Ал оңтүстік және батыс өңірлерде жауын-шашынды болады. Таулы аймақтарда сел болу қаупі де бар. Сондықтан тұрғындар мамандардың ескертуіне мән беріп, алыс жолға шықпағандары абзал.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты қыза түсті
14.06.2026, 20:38
Былтыр Байқоңыр ғарыш айлағына 2 мыңнан астам турист келген
14.06.2026, 20:35
Балабақшада видео түсіру тәрбиешілерге артық жүктеме емес пе?
14.06.2026, 20:30
Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолы қандай?
14.06.2026, 20:20
Баспана құны жоғары, сұраныс төмен: Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?
14.06.2026, 20:18
Еліміздің барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалдары құрылады
14.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19