Талдықорған-Үшарал магистральдық газ құбырының құрылысы қарқынды жалғасып жатыр
Жетісу облысында Талдықорған-Үшарал магистральдық газ құбырының құрылысы қарқынды жалғасып жатыр. Президент тапсырмасымен «QazaqGaz» ұлттық компаниясы қолға алған жоба жүзеге асса, 3 аудан халқы көгілдір отынға қол жеткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек. Мердігер мекеме тамыз айынан бері тоқтаусыз жұмыс істеп, құбырдың үштен бір бөлігін дәнекерлеп қойды.
130-ға жуық адам, 90 техника қарашаның қара суығына қарамастан екі ауысымда жұмыс істеп, 105 шақырым құбыр тартып үлгерді. Талдықорғаннан Үшарал қаласына дейін 6 автоматтандырылған газ тарату станциясы салынады. Тәжірибиесі мол мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында қазірдің өзінде жұмысшылар кестеден озып келеді.
Меделхан Мырзаханов, бас инженер:
Мердігер компания толықтай материалдармен қамтамасыз етілген. Құбырлар барлығы келіп жатыр.
Құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда. Жергілікті билік те жұмыстың сапалы жүруіне айырықша мән беріп отыр. Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов және «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылыс барысымен арнайы танысты.
Әсет Қанағатов, Жетісу облысы әкімінің орынбасары:
Кестеге сәйкес 2026 жылдың аяғына дейін аяқталу мерзімі осындай болған. Біз жоспарды бір жыл бұрын аяқтау деп жоспарлап отырмыз. Осы нысан аяқталғаннан кейін Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы 66 елдімекен көгілдір отынға қол жеткізетін болады.
Жұмысшылардың бір бөлігі құбырға шұңқыр қазып, көштің алдында келе жатса, енді бір топ дәнекерленген құбырды шұңқырға түсіріп, көміп келеді.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтын – Емел ұлттық паркінде алғаш рет борсық фототұзаққа түсті
07.12.2025, 20:43
Мүгедектігі бар адамдарды қорлағандарға қылмыстық жауапкершілік бар ма?
07.12.2025, 20:30
Севоранмен бірден қанша тіс емдеуге болады?
07.12.2025, 20:28
Мемлекеттік тапсырыспен салынған құрылыстың сапасына кім жауапты?
07.12.2025, 20:20
Д. Кушнердің Мәскеу сапары: Нәтиже қандай?
07.12.2025, 20:06
5 мыңнан астам қазақстандық студент пен оқытушы ЕО елдерінде білімін жетілдіруге мүмкіндік алды
07.12.2025, 20:05
Мораторий аяқталғанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қанша пайызға қымбаттайды?
07.12.2025, 20:00
Енді азаматтар зейетақы жинағын көзін емдетуге пайдалана алмайды
07.12.2025, 19:58