Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастаған делегация Бейжіңде бірқатар іс-шараға қатысты
Мемлекеттік кеңесші бастаған делегация Бейжіңде бірқатар іс-шараға қатысты. Ал Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Ерлан Қарин Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі, Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Насихат бөлімінің меңгерушісі Ли Шулэймен кездесті. Тараптар екі елде жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы жұмыстың негізгі бағыттарымен танысты. Сондай-ақ екі елдің талдау орталықтарының ынтымақтастығын одан әрі дамытуға арналған жұмыс сессиясына қатысты. Әрі Қазақстанда өтетін «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитіне орай бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаласты.
Сонымен қатар Мемлекеттік кеңесші Қытай Халық университетінің профессорлық-оқытушылық ұжымына және студенттеріне дәріс оқыды.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22