Биыл елімізде қылмыс деңгейі төмендеген
Президент қабылдауында болған ІІМ жыл басынан бері елде қылмыс деңгейі төмендегенін жеткізді. Ержан Сәденов мемлекет басшысына криминогендік жағдай туралы ақпарат берді. Министр елдегі қылмыстар санының 10 мыңға, ал қылмыстық құқықбұзушылықтың 5,5 мыңға дейін азайғанын хабарлады. Биыл әкімшілік құқықбұзушылықты алдын алу 40 пайызға артса, іздеуде жүрген 1,6 мыңнан астам қылмыскер ұсталған.
Қабылдау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Сәденовке елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша міндеттер жүктеді.
Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:
Президентке тапсырмаларының орындалуы жөнінде хабарладым. Атап айтқанда, елімізде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы күрес, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кадр процестерін цифрландыру және қылмыстық атқару жүйесін жетілдіру туралы баяндадым.
Темірлан Нұрсолтанов
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04