Президент Қорғаныс министрін қабылдады
Президент Қорғаныс министрін қабылдады. Руслан Жақсылықов бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы мен қарулы күштер қатарына күзгі шақыру науқанының нәтижесі туралы баяндады. Сондай-ақ әскердегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру жайы да талқыланды. Әскери базалар қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен толығып жатыр.
Мемлекет басшысы еліміздің бітімгерлік контингентінің Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Голан жоталарында атқарып жатқан қызметі маңызды екенін атап өтті.
Отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара ықпалдастықты жандандыру, аумақтық қорғаныс пен арнайы операция күштерін дамыту, әлеуметтік-құқықтық жұмысты күшейту жөнінде міндеттер жүктеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қазақ өзін дәрменсіз емес, жасампаз ұлт ретінде сезінуі керек»
26.08.2026, 23:22
Әлем жаңалықтарына шолу
26.08.2026, 20:23
Шымкентте рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды
26.08.2026, 20:14
Димаштың мексикалық жанкүйерлері ерекше акция өткізді
26.08.2026, 20:13
Зейнетақы жинағын көбейтудің жаңа жолы ұсынылды
26.08.2026, 20:11
Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті 6,9 млрд долларға жетті
26.08.2026, 20:10
Президент: Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі
26.08.2026, 20:09
Әлемдік классика жауһарлары – қазақ сахнасында
26.08.2026, 20:09