Теміржол тасымалындағы түйткілдер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміржол тасымалындағы түйткілдер

25.11.2024

Пойыз билеті қымбат, ал вагондар әбден тозған. Іші санитарлық талаптарға сай емес. Пойыздардың кешігуі де үйреншікті құбылысқа айналған. Демалыс, мереке күндері қарсаңында билет табу тіптен, мүмкін емес. Бұл - тұрғындар шағымы.

Ал бұл түйткілдерді шешу үшін тасымалдаушы компанияларға аудит жүргізу керек. Жолаушы тасымалының өзекті мәселелері талқыланған Мәжілісте, Антикор осындай ұсыныс айтты. Сондай-ақ жиында жолаушылар тасымалын субсидиялау жүйесінде жіберілген заңбұзушылықтар айтылды. Отырыс соңында агенттік субсидияларды есептеу әдістемесін қайта қарауды, субсидиялау жүйесін цифрландыру, бақылауды күшейту, тасымалдаушы компанияларда аудит жүргізу, сондай-ақ жаңа вагондардың үлесін ұлғайту мәселелерін қайта қарауы тиіс.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу