Энергетика министрі мұнай өңдейтін жаңа зауыт салуды ұсынды
Энергетика министрі елде тағы бір мұнай өңдейтін зауыт ашуды ұсынды. Оның айтуынша, жаңа кәсіпорынның құрылысын 2030 жылға дейін бастау керек. Әйтпесе елде жанармай тапшылығы болуы әбден мүмкін. Егер қуаттылығы жылына 10 млн тонналық зауыт ашылса, мұнай өнімдерінен тарықпаймыз. Сондықтан жаңа кәсіпорынның жобасын алдағы 5-6 жылдың көлемінде жоспарлап, 2032 жылы құрылысты бастау керек, деді министр.
Алмасадам Сәтқалиев, Энергетика министрі:
2030-2036 жылдары дизель отынына қажеттілік жылына қосымша 2 млн тоннаға артады. Бұл 2050 жылға дейін қажеттілік жыл сайын 300-350 мың тоннаға өседі деген сөз. Яғни 200 мың тонна дизель тапшылығы туындайды. Сондықтан сырттан импорттауға тура келеді. Ал егер жаңа мұнай өңдеу зауытын салсақ, мәселе оңтайлы шешілмек. Жаңа зауыт Батыс Қазақстан облысында бой көтеруі мүмкін.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27