Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізіледі

25.11.2024

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі олардың ең негізгілерін Президентке тізіп айтып берді. Светлана Жақыпованың айтуынша, 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды лицензиялау жүйесі іске асады. Ол үшін кәсіби стандарттар мен оқыту модульдері әзірленді.

Мемлекет басшысына «Жобалардың инновациялық навигаторы» атты жүйе де, таныстырылды. Платформа мамандарға деген сұранысты талдап, болжайды. Қазірдің өзінде навигатор 755 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұл шаралардың барлығы әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырып, көмектің тиісті азаматтарға жетіуін көздейді деді сала басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытта жұмысты ширатуды тапсырды. 

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу