Түркістан облысында жасөспірімдер арасында «Ауыл барысы» турнирі өтті
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында қазақ күресінен республикалық «Ауыл барысы» турнирі өтті. Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған спорттық шара екі күнге жалғасты. Жарысқа Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 300-ге жуық балуан қатысты. 120 балуан іріктеліп, сегіз салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты. Өзара шеберлікті шыңдап, қаржылай сыйлықтар мен арнайы белбеулерге ие болды.
Түркістан облысында соңғы кездері қазақ күресі жастар арасында кеңінен насихатталып, бүгінде мыңдаған ауыл жастары спортпен кәсіби тұрғыда айналысуда. Кілемде белдескен үздік спортшылар республикалық жарыстарға қатыспақ.
Жигули Дайрабаев, «Ауыл» партитясы төрағасының орынбасары:
Біз болашақта да бұл спорт түрін дамытамыз. Оған атсалысамыз. Негізгі мақсат – қазақи салт-дәстүрді сақтау. Барлық елдімекендерді аралап, спорт ойындары, мәдени сала, қазақи салт-дәстүр, т.б. дәріптеу төңірегінде «Ауыл» партиясы қызмет жасаймыз.
Айнұр Әбліқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24