БҰҰ мамандары қазақстандық дәрігерлерге дәріс оқыды
Қазақстандық дәрігерлер пестицидпен күрестің жаңа жолдарын меңгермек.
Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы сарапшылары Алматыда медицина қызметкерлеріне семинар-тренинг өткізді. Мамандар әртүрлі химиялық қоспалардан ағза уланған кезде дәл диагностика жасап, шұғыл көмек көрсету әдістерін үйретпек. Әзірге 60-қа жуық маманды оқыту көзделген. Мұндай тренинг Қазақстаннан өзге Қырғызстан мен Тәжікстанда да өтеді. Себебі осы елдердегі фермерлер көбірек пестицидтердің зардабын тартып отыр. Қауіпті дерттің алдын алмаса, әсері қатерлі ісік және гормондық ауытқу мен белсіздік сынды ауруларға әкеп соқтырады.
Мухсин Ақбаба, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пестицидтерді зиянды химиялық қоспалардың алғашқы ондығына қосып отыр. Әсіресе балалар үшін қауіпті. Себебі уланып қайтыс болған 20 мыңнан астам адамның өліміне осы пестицидтер себеп. Сондықтан оның алдын алып, ем шараларды жүргізу маңызды. Осы бағытта біз Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлігімен ынтымақтасып, әр түрлі конференциялар өткізіп жатырмыз.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13