Президент Қорғаныс министрін қабылдады
Президент Қорғаныс министрін қабылдады. Руслан Жақсылықов бөлімшелердің жауынгерлік дайындығымен, қарулы күштер қатарына күзгі шақыру науқанының нәтижесі туралы баяндады. Сондай-ақ әскердегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру жайы да сөз болды. Әскери базалар қару-жарақ пен техниканың жаңа үлгілерімен толығып жатыр. Мемлекет басшысы еліміздің бітімгерлік контингентінің Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Голан жоталарында атқарып жатқан қызметі маңызды екенін атап өтті. Отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара ықпалдастықты жандандыру, аумақтық қорғаныс пен арнайы операция күштерін дамыту, әлеуметтік-құқықтық жұмысты күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06