Астанада 200 сарбаз ант қабылдады
Еліміздің қарулы күштері тағы да жас сарбаздармен толықты. Биыл Астанаға күзгі шақырылыммен мерзімді қызметін өтеуге келген 200 азамат әскери ант қабылдады. Серт беру рәсімі Отан қорғаушылар монументі алаңында өтті. Іс-шараға әскери бөлім қолбасшылары, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары мен жақындары да қатысты. Жиында Әскери бөлімшенің техникалық мүмкіндіктері де таныстырылды.
Арғын Болатұлы, ҚР Қарулы күштері әскери бөлімінің аға-лейтенанты:
Осыған дейін 1 ай көлемінде бұл сарбаздарды қабылдау пунктінде дайындалды. Оған дейін олар өз қалаларында медициналық тексерістен өтті. Әскери борышын мемлекеттік күзет қызметі айрықша мақсаттағы күштері Айбын президенттік полкінде өз қызметтерін 1 жыл көлемінде өтейді.
Қарулы күштер қатарына алынған жауынгерлер енді 1 жыл бойы ел тыныштығы жолында қызмет атқарады. Сарбаздарға жүктелер міндет аз емес. Темірдей тәртіп әрбір азаматты шыңдай түсері анық.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Astana AI Film Festival: Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясын жеңіп алды
04.10.2026, 12:34
Astana AI Film Festival байқауының жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 22:59
Жүлде қоры 100 мың доллар: Astana Hub Battle 2026 жеңімпаздары белгілі болды
03.10.2026, 22:49
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00