Атырауда параволейболдан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Атырауда параволейболдан Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтіп жатыр. Жарысқа бірнеше облыс пен Алматы, Астана қалаларының құрама командалары қатысуда. Әзірге Атырау командасы алда келеді. Ұлттық құрама былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында финалға шығып, 28 жылда алғаш рет паралимпиада ойындарына тікелей жолдамаға қол жеткізді. Осылайша Парижде өткен Жазғы паралимпиада ойындарына қатысып, 5 орынға ие болды.
Бауыржан Тақауов, Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы:
Келесі төрт жылдық Лос-Анджелеске дайындықты бастап кеттік параолимпиада ойындарына. Енді алда Азия ойындары бар 2026 жылы өтетін. Келесі жылы Азия чемпионаты, әлем чемпионаттары бар, соған дайындаламыз.
Бүгінгі күні бұл спорт түріне қолдау бар. Қаржыландыру да реттеліп келеді. Ендігі мәселе жаңа ұлттық құраманы жасақтау.
Дүйсенбай Тұрғанов, Қазақстан параволейбол федерациясының президенті:
Жастарды параволейболға тартып, іздейміз. Шетелден іздемейміз, бізде легионерлер жоқ. Бүкіл өңірден іріктеліп алынады. Одан кейін қорытынды бойынша, біз өзіміздің ұлттық құрамымызды келер жылға жасақтаймыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05