Қытайда өтетін тоғызыншы қысқы Азия ойындарының басталуына 77 күн қалды. Сары құрлық бәсекесі Харбин және Ябули қаласында болады. Ұйымдастырушылар бірер күн бұрын жарыстың факелі мен медальдарын таныстырды. Додаға 32 елдің 1200-ге жуық спортшы қатысып, 64 медаль жиынтығын сарапқа салады. Жүлдеге үміткерлердің қатарында кім бар? Әріптесім Асылбек Данияр жарыстың фовариті санаталын шорт-трекшілердің дайындығын көріп, атлеттермен тілдесіп қайтты.
Қысқы Азия ойындары араға 8 жыл салып қайта өткелі жатыр. Құрлықтық жарыс Қытайда осымен үшінші рет, ал Харбинде екінші рет болады. Ойын медалі – «Жарыс рухы» деп аталады. Жүлденің алдыңғы жағында жарыс жолының иілген пішіні мен Азиаданың эмблемасы бейнеленген. Ал артқы жағында Ябулидің таулары мен ормандары және «Күн аралы» саяхат аймағының «Күн қақпасы» кескіні салынған.
Бұл жолғы жарыс алауының факелі – «Серпін» деп аталады. Алаудың пішіні гүлдеген сирень гүлі сияқты.
Харбин 2025: Спортшылар қызу дайындық үстінде
Маусымның басты додасы саналатын Азия ойындарына шорт-трек шеберлерінің дайындығы қызу. Спортшыларды Нидерландыдан келген маман жаттықтырып жатыр. Әзірге кімнің баратыны нақты белгісіз. Ұлттық құраманың кеңесші бапкері Мәдіғали Қарсыбековтың айтуынша, бұл Оңтүстік Корея және Қытайда өтетін Әлем Кубогының нәтижесінен соң анықталады.
Мәдіғали Қарсыбеков, шорт-тректен ұлттық құраманың кеңесші бапкері:
Балалар әрине, медаль алады. Бірақ, билік бізге өте жоғары нәтиже қойды, ол – алтын алу. Мен ойлаймын, бұл балалардың қолынан келеді. Олар эстафета мен ерекше қашықтықта ала алады. Жекелей сында Денис Никишка мен Әділ Ғалиахметов жақсы формада келе жатыр. Мүмкін, Абзалда 500 метрге дайындалса, медальға ие бола алады.
Қазақстандық спортшылардың басты қарсыласы – Қытай, Оңтүстік Корея мен Жапония құрамасы.
Денис Никиша, шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі:
Өткен әлем чемпионатында тарихи күміс медальді жеңіп алдым. Бәрі риза, дегенмен мұнымен тоқтамаймыз. Алдымызда Олимпида келе жатыр. Босаңсымай, күшімізді еселей түсеміз. Біз әрине, Харбидегі жарыстың басты фаворитіміз. Қарысыластарды сыйлаймыз, ешкімге баға бере алмаймыз. Дегенмен, бірінші кезекті өзімізге сенеміз.
Қазақстан Ұлттық құрамасы осы уақытқа дейін 6 рет Азия ойындарына қатысқан. Әр жылдары жалпыкомандалық кестенің 1-4 сатысынан көрінді. Үздік көрсеткіш 2011 жылы Алматы мен Астанада өткен құрлықтық бәсекеді тіркелді. Туризм және спорт министлігі өкілдерінің ақпаратынша, 78 алтын, 62 күміс және 56 қоламен 32 елдің ішінде 4-орында тұр.
Ел құрамасынан Харбиндегі ақ ойынға спорттың 6 түрінен 139 спортшы барады. Оның ішінде 71 ер, 68 әйел бар. Олар 50 медаль жиынтығына таласады. Қазақстан сапынан бақ сынайтын атлеттердің есімі бесінші желтоқсанда белгілі болады. Артынша, спортшылардың Азия ойындарында киетін формасы таныстырылады. Жарыстың өзі 7-14 ақпан аралығында өтеді.
Асылбек Данияр