Түркістан облысында 25 мың гектар жерге сексеуіл тұқымы себіледі
Түркістан облысындағы табиғи парк аумағындағы 25 мың гектардан астам жерге сексеуіл тұқымы себіледі. Қазір Отырар орман қорына тиесілі жер учаскесі дайын. Жалпы өңірде келер жылға дейін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 170 миллион түп ағаш егу жоспарланған. Биыл 2 мың гектар жерге сексеуіл көшеті отырғызылды. Құмды жерлерге егілген сексеуіл желді күндері құм көшкінін болдырмай, шаң-тозаңнан қорғайды.
Нұрдәулет Оразымбетов, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті облыстық инспекциясының бөлім басшысы:
Қазіргі таңда жоспар бойынша күзгі айларында сексеуіл көшеттерін отырғызу жоспарланған. 26 900 гектар сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жүргізіледі. Көбіне бізде сексеуіл тұқымын себу, егу жұмыстары жүргізілуде.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03