Дене шынықтыру саласы мамандарын даярлаудағы өзекті мәселелер талқыланды
Астанада Дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлаудағы өзекті мәселелер талқыланды. Қалалық педагогикалық колледжде өткен ғылыми-практикалық конференцияға өңірлерде қызмет ететін бұқаралық спорт саласының қызметкерлері де қатысты. Елорда мектептеріндегі дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің 50 пайызға жуығын даярлайтын оқу орнының педагогтері түрлі зерттеу нәтижелерін ортаға салды. Басқосуға білім ордасының 3-курс студенттері де қатысты. Бұл жиынның басты мақсаты - дене тәрбиесі сабағын жүргізудегі тәжірибелер мен инновацияларды талқылау дейді ұйымдастырушылар.
Қайырбек Шамбеков, дене тәрбиесі оқытушысы, педагог-шебер:
Негізгі бағыттарының бірі - болашақ маман дайындаудың ерекшеліктерін қарастыру және де ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған дене тәрбиесін, бейімділігіне сай дене тәрбиесінің мәселесін қарастыру. Қонақтарымыз бар Өскемен, Орал, Петропавл қалаларынан келген. Қарағанды, Алматыдан да бар.
Қаракөз Тұрмағамбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24