Алматыда үлескерлер компаниядан ақшасын қайтаруды талап етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үлескерлер компаниядан ақшасын қайтаруды талап етуде

22.11.2024

Алматыда бір топ үлескер пәтер аламыз деп салған ақшаларын қайтара алмай жүр. Айтуларынша, «DOSTAR DELUXE» тұрғын үй кешеніне алдын-ала қомақты қаржы аударған. Кешен Алатау ауданындағы «Мәдениет» ықшам ауданынан бой көтеруі тиіс болған. Алаяқтардың арбауына түскендер қалалық прокуратураның алдына жиналды. Жарнамасына сеніп қалдық деген үлескерлер құрылыс компаниясының үй салуға рұқсаты жоқ екенін білмедік, дейді. Яғни, қала құрылысын бақылау басқармасы компания эскиздік жобаны келіспегенін, құрылыс-монтаждау жұмыстарының бастағаны туралы хабарлама жібермегенін айтқан. Ал, жауапты мекеме тек нысанның жертөлесін қазып, іргетасын құйып қойған.

Айгүл Кәріпжанова, үлескер:

2023 жылдың наурыз айында 2 бөлмелі пәтерге 50% ақша салған едім. 10 млн теңге. Үйіміз біздің 2023 жылы соңғы тоқсанда, желтоқсан айында берілуі керек болған. Істің тергелу барысын сырттай бақылап отырмыз. Іспен әлі таныса алмай жатырмыз.

Бұл мәселеге қатысты қалалық полиция департаментінде тергеу аяқталып, іс материалдарымен танысу жүріп жатқанын хабарлады. 4 адам қамауға алынып, 1 күдіктіге іздеу жарияланған. Осы компанияға қатысты құзырлы органға 300-ден аса жәбірленуші арыз жазған.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу