Астанада «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығын тапсыру рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығын тапсыру рәсімі өтті

22.11.2024

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар марапатталды. Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында «Amanat» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVIІ «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығын табыстау кеші өтті. 2008 жылдан бері 90-ға жуық адам марапатталды. Биыл ашық дауыс беру нәтижесінде ұйымдастыру комиссиясының шешімімен 8 лауреат анықталып, 1 млн теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов ерекше қажеттілігі бар азаматтардың тұрмысын жақсарту мәселесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында екенін атап өтті. Сондай-ақ қатысушыларды ерік-жігер мен ұлтжандылықтың нағыз үлгісін көрсетіп келе жатқан жеңімпаздар деп атады.

Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:

Бүгінде мемлекет, қоғам мүгедектігі бар адамдардың мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Барлық түйткіл ашық айтылып жан-жақты көтеріліп жатыр. Мәселен мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл елімізде пилоттық жоба қолға алынды. Ол мүгедектік тобы туралы шешімді тиісті мекемелерге бармай-ақ қашықтықтан алуға мүмкіндік береді.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу