Өзбекстанда балалардың құқығы заңмен қорғалады
Өзбекстанда ата-аналар енді баласын ұра алмайды, кішкентайлар жан-жақты қорғалатын болды. Ел президенті «Балаларды зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғау туралы» заңға қол қойды.
Бір жыл бойы заң жобасы түрлі жұмыс топтарының сүзгісінен өтті. Мақсат – зорлық-зомбылықты болдырмау, зардап шеккен балалармен жұмыс істеу, жеткіншектердің өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Заңға сәйкес, баланың денсаулығына зиян келтіріп, ар-намысы мен құқығына қол сұғуға, физикалық немесе психологиялық зорлық көрсетуге тыйым салынады. Мұндай әрекетке барғандар қатаң жазаланады, делінген құжатта. Яғни, баланы отбасынан алып қоюдан бастап, ата- ана құқығынан айыру, айыппұл салу, тіпті бас бостандығын шектеуге дейін шара қолданылады.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы артып келеді
06.08.2026, 16:59
Талдықорғанда бір топ адам баспаналы болды
06.08.2026, 13:27
Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесі сотталды
06.08.2026, 13:21
БҚО-да 232 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
06.08.2026, 13:18
Шымкентте үштегі бала терезеден құлап, мерт болды
06.08.2026, 13:15
Чилиде алапат су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр
06.08.2026, 13:12
Қытай аумағына кіріп-шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 13:09
Жамбыл облысында 7 жаңа сайлау учаскесі ашылды
06.08.2026, 13:06