Алматыға он миллионыншы жолаушы ұшып келді
Алматы халықаралық әуежайына 10 миллионыншы жолаушы ұшып келді.
Ойламаған жерден олжаға кенелген Шолпан Садықова, «Шымкент-Алматы» бағытымен ұшып келді. 47 жастағы Алматы тұрғыны ата-анасымен бірге Сарыағаш шипажайынан демалып келе жатқанда, осындай тосынсыйға тап болған. Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, биыл жолаушылар ағыны былтырмен салыстырғанда 21%-ға өскен. Жаңа халықаралық терминалдың іске қосылуымен әуежай 14 млн жолаушыға дейін қызмет көрсетуге қауқарлы. 10 миллионыншы жолаушыға әуежай басшылығы екі кісіге арналған демалыс сертификатын табыстады.
Шолпан Садықова, он миллионыншы жолаушы:
Толқып тұрмын, осындай тосынсыйды күтпеген едім. Грузияға екі жолдама алдым, анаммен бірге барамын.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18