Ақмола облысында экологиялық іс-шара өткізілді
«Таза Қазақстан» жобасы аясында Ақмола облысында да экологиялық іс-шаралар жалғасуда. Целиноград ауданында «Эко-саналы ұрпақ – елдің өркендеуінің кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиында оқушылар, студенттер, ауыл округтерінің мамандары және сала сарапшылары бас қосты. Олар өзекті экологиялық мәселелерді талқылап, өз бастамаларын ұсынды. Сондай-ақ жиында экологиялық жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Экошараға белсенді атсалысқан жастарға 50,30,20 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Сонымен қатар ауыл округтеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді.
Махаббат Ирешова, Целиноград ауданы Жастар ресурстық орталығы диреткорының міндетін атқарушы:
Спикерлер өздерінің экологиялық бағдарлама жайында айтып шықты және де оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын қорғап, аталмыш іс-шарада көрсеткен болатын.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05
Шахматтан турнир өтті
06.06.2026, 20:04