Қазақстанның үздік педагогі Астанада анықталуда
Қазақстанның үздік педагогі 1 млн АҚШ доллары көлемінде сыйақы алуы мүмкін. Астанада өтіп жатқан «Nobel» фестивалі мен Педагогтер саммиті аясында үздіктер анықталмақ. Бүгін 50 педагог жұмысы сараланды, ал ертең 10 финалист анықталады. Жеңіп шыққаны халықаралық байқауға қатысады.
Мақсат Құрбенов, «Nobel fest» фестивалінің бас директоры:
Биыл ауқымды байқау ұйымдастырдық. Біз Қазақстанның ұлттық педагогін анықтамақпыз. Финалға шығатын педагогтерге жалпы 20 млн теңге сыйақы тағайындалды. Ал үздік атанғаны 10 млн теңгеге ие болады. Сөйтіп халықаралық байқауға қатысуға мүмкіндік алады. Ол жақта 1 млн АҚШ доллары көлемінде премия қарастырылған.
«Nobel» фестивалі үш күнге жалғасады. Түрлі мемлекеттен келген заманауи ғылымның көрнекті тұлғалары – Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылыми Оскар иегерлері, ғалымдар мен психологтар инновация бағытында соңғы технологиялық жетістіктер, жасанды интеллект, нейрожелілердің өзгеруі секілді тақырыптарды талқыға салмақ.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда AI MONTH 2026 басталады
23.09.2026, 10:24
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
23.09.2026, 10:08
Трамп Иранмен бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді
23.09.2026, 10:08
Азиада: Спортшылар 4 медаль жеңіп алды
23.09.2026, 10:06
Қазақстан делегациясы БҰҰ 81-сессиясына қатысып жатыр
23.09.2026, 10:05
Құрылтай отырысы басталды
23.09.2026, 10:05
Түркияда жасөспірім оқушыларға оқ атып, 11 адам жараланды
23.09.2026, 10:04
Google-дің экс жетекшісі: ЖИ балаларға әлеуметтік желілерден де зиян тигізуі мүмкін
23.09.2026, 10:03