Таразда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мектеп ашылды

21.11.2024

Таразда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында №67 білім ұясы пайдалануға берілді. «Ұлы дала» шағын ауданында ашылған ағарту ошағы 1200 балаға арналған.

Құрылысына 6 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған заманауи мектепте балалар үшін барлық жағдай жасалған. Онда 59 сынып, 2 спорт залы, 2 лингафон кабинеті, бірнеше зертхана мен шеберхана бар. Ал ауқымды асханасынан бір күнде 350 бала тамақтана алады. Бұл білім ұясы «Жайлы мектеп» жобасы аясында ашылған Тараздағы екінші нысан. Жалпы өңір бойынша жыл соңына дейін тағы бір мектеп салынып, келесі жылы 8 мектеп пайдалануға берілмек. Игі жоба Президент тапсырмасын орындау бойынша апатты және үш ауысымды мектептерді болдырмауға бағытталған.

Раушан Қожамжарова, қалалық білім бөлімінің басшысы:

Жалпы бізде №3 лицейде үшауысымды мәселе бар болатын. 4 мыңға жуық оқушымыз болған. Оның үшауысымдылығын жою үшін 64-ші мектепті ашқан болатынбыз. Тағы да №66 жайлы мектепті аштық. Бүгінгі күні мінекей №67 жайлы мектепті ашып отырмыз. Сонымен бізде №3 лицейде үшауысымдылық мүлде төмен, жойылды.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу