Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл
Фариза – рух жанартауы. Атырауда осындай атаумен көрнекті ақын, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай әдеби-танымдық конференция өтті. Жиында ақынның өлеңдері оқылып, өмірі мен шығармашылығы жайында сөз болды.
Фариза өткен ғасырдың 70 жылдары дауылды жырларымен қазақ поэзиясына енді. Көзі тірісінде талантымен, дүниетанымымен, қайталанбайтын өршіл мінезімен өлеңді өлшеусіз биікке көтеріп, қазақ әдебиетін, көркем сөзін әлемдік кеңістікке танытты. Поэзия падишасының жарқын бейнесі мен жауһар жырлары бүгінде халықтың жүрегінде, ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Шараға жиналғандар Фариза ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды.
Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:
Фариза – бүкіл қазаққа ортақ ақын. Оны оңтүстік те, солтүстік те, батыс та, шығыс та өзімнің ақыным деп есептейді. Фаризаның ұлылығы да, бақыты да, кемеңгерлігі де, ұрпақтарының поэзиясының өміршеңдігі де осыдан деп ойлаймын.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17