Бұрын сотталған азаматтарға қаржылық сауат жөнінде кеңес берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрын сотталған азаматтарға қаржылық сауат жөнінде кеңес берілді

21.11.2024

Түркістан облысында пробацияда есепте тұрған екі мыңға жуық сотталушының өз кәсібін жүргізіп, тұрақты табыс табуына жағдай жасау қажет. Бұл туралы облыстық прокуратура ұйымдастырған келелі басқосуда сөз болды. Қадағалау органы өкілдерінің мәліметінше, өңірдегі жазасын өтеушілердің 800-і уақытша жұмысқа тұрса, тағы 400-ден астамы өз өзін жұмыспен қамтып отыр.

Десе де бас бостандығы шектеліп, шартты түрде сотталғандардың арасында қайта қылмысқа баратындар көбейіп барады. Тіпті қоғамдық жұмыстан бас тартып, бармай қоятындар да кездеседі. Форумда олардың жұмыссыз қалмауын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз несиелер мен қаржы ұйымдары арқылы бизнес бастау жолдары түсіндірілді. Мамандардан тікелей кеңес алып, қажетті қаржыға қол жеткізудің тәртібі айтылды.

Ақжарқын Расул, Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:

Жалпы сотталғандардың кейінгі өмірі бізді алаңдатады. Форумда «Мансап» орталығының өкілдері, ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары осы мамандық алуда, өз кәсіптерін ашуда жолдарын, тәсілдерін айтып түсіндіруде.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу