Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды
Қызылорда мен Ұлытау облысының 5 тұрғыны әлеуметтік желі арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды. Олар осы жылдың қаңтар мен шілде айы аралығында көпшілікті құмар ойынға арбап, 70 миллион теңге көлемінде табыс тапқан. Қызылорда облысының экономикалық тергеп-тексеру департаменті оңай жолмен ақша тапқан топтың жолын кесіп, заңсыз әрекетін әшкереледі.
Олар алғашында 400 мың оқырманы бар «Instagram» парақшасын сатып алып, онлайн «Карта-лото» құмар ойынын өткізген. Кейін басқа да желілерде ұйымдастырып, заңсыз ойын бизнесінің аясын кеңейткен. Халықты сан-соқтырған бесеудің кінәсі дәлелденіп, айыпталушылар сот үкімімен 2 жыл 6 айдан 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шетелде білім алып, елге оралу керек»
14.09.2026, 23:14
Ертең үстел теннисінен ҚР Президентінің кубогы басталады
14.09.2026, 20:28
Елена Рыбакина – Әлемнің бірінші ракеткасы
14.09.2026, 20:28
Атырауда садақ атудан Әлем кубогы өтіп жатыр
14.09.2026, 20:25
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая эфирге шығады
14.09.2026, 20:23
Ақтөбе облысында денсаулық сақтау саласындағы үш жобаға 5,7 млрд теңге бөлінді
14.09.2026, 20:18
ШҚО-да Құс фабрикасы өз қаражатына саябақ салып берді
14.09.2026, 20:18
Қазақстан экономикасы бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына енді
14.09.2026, 20:10