2025 жылы 9,8 трлн теңге әлеуметтік бағытқа жұмсалмақ
Алдағы үш жылда бюджеттен бөлінетін қаржының басым бөлігі әлеуметтік салаларға жұмсалады. Бүгін Сенат 2025-27 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қарады. Келер жылдың өзінде 9,8 трлн теңге әлеуметтік бағытқа жұмсалмақ. Білім, денсаулық, мәдениет, спорт салаларына да қаржы жылдағыдан көп бағытталмақ.
Өңірлерді қолдау үшін Республика тарапынан 7,5 трлн теңге көзделген. Шикізаттық емес секторды дамытуға Мәжіліс бекіткен қаржыны жеткіліксіз деп таныған Сенат депутаттары жекелеген баптарға түзетулер енгізіп, кері қайтарды. Ал Ұлттық қордан жыл сайын 2 трлн теңге алынатын болды. Бұл құжатты Парламент мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06