Шығыс Қазақстан облысында биыл соңғы он айда 354 миллиардқа жуық теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Әсіресе, ет пен сүт және майлы дақылдарды өңдеу жақсы жолға қойылған. Аймақтағы осы сала еңбеккерлері бүгін бас қосып, 2024-жылды қортындылады, Үздік деп танылғандары мемлекеттік марапатқа ие болды.
Шығыс Қазақстан өндірісті өңір болса да, ауыл шаруашылығы саласы да өрге басып келеді. Биыл шаруалар 607 мың гектар жерге түрлі дақылдардың дәнін септі. Нәтижесінде осы күзде 564 мың тоннадан астам өнім жиналды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 46 пайызға көп.
Жеңісбек Кәрібаев «Байыс» тұқымды қойды шығысқа бірінші болып әкелген. Алғаш 20 тоқтыдан басталған шаруашылықтағы қойдың санын қазір 6 мыңға жетікзді. Еткен еңбегі мен төккен тері ақталып, бүгін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Жеңісбек Кәрібаев, «Қара ертіс» шаруа қожалығының жетекшісі:
Бұл марапат маған көп нәрсені міндеттеп отыр. Еңбегің бағаланғаннан кейін, осыған жауап беру керек. Еңбекті жаңаша істеу керек. Әсіресе жастарға. Осындай құрмет көрсетіп отырғаны еңбектің нәтижесі болу керек.
Еңбектің нәтижесін көргеннің бірі - Тұрсынбек Ахметжанов. 1994-жылы өңірде ең алғаш отбасылық шаруашылық құрған. Елдегі ат спортының дамуына да бір адамдай үлес қосып келеді. Ең негізгісі «Жабы» тұқымды жылқы өсіруді облыста бірінші болып қолға алды.
Тұрсынғазы Ахметжанов, «Көрпебай» шаруа қожалығының жетекшісі:
Жылқы жаятын кісі жылқының тұяғындай қатты болу керек дейді. Сонда ғана жылқы жаясың. Табиғатпен бірге жүру керек. Жаңбыр жауса да жүресің. Соны бағалаған шығар.
Аймақта қазір ауыл шаруашылығы саласында 40 мыңға жуық адам еңбек етеді. Бүгін солардың арасынан үздік деп танылған жүзге жуығы марапатталды.
Ермек Көшербаев, Шығыс қазақстан облысының әкімі:
Сіздердің ауыл шаруашылығындағы табыстарыңыз, біздің өңірдің еліміздің тұрақты дамып келе жатқан ірі өнеркәсіптік өңірлеріне айналдырады. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Мемлекет басшысы ең алдымен азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан ең маңызды, ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты, деп алда атқарар істерді бағыттап берді.
Шаруаларға биыл 25 миллиард теңгенің субсидиясы төленді. Ал «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша бес пайыздық өсіммен 13 миллиард теңгенің несиесі де берілді.
Олжас Керейхан