1 желтоқсаннан бастап елімізге көлік әкелу тәртібі өзгеруі мүмкін
1 желтоқсаннан бастап Қазақстанға сырттан көлік әкелу ережесі өзгеруі мүмкін. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл жаңа көліктерге яғни зауыттан шыққанына 3 жыл болмаған автомобильдерге қатысты болмақ. Тақырыпты осы саланы зерттеп жүрген әріптесім, Оңғар Алпысбайұлы түсіндіріп берсін. Оңғар, демек сырттан көлік әкелу қиындай ма?
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Иә, енді сырттан жаңа көлік әкелу қиындайды. Жаңа ережеге сәйкес өзге елден көліктің типін мақұлдау құжатында аты көрсетілген адам ғана әкеле алады. Әйтпесе кеденнен өткізбейді. Ал, мұндай құжатты тек заңды тұлғалар ғана ала алады. Яғни кез келген адам өзіне ұнаған көлікті өзге елден сатып алу құқығынан айырылғалы отыр. Ал, автосалоннан жаңа шыққан, көлемі кішкентай көлікті әкеп, рәсімдеу арзан еді. Көлікті сатып алған бағасы, жол шығыны мен жоғарыда айтқан міндетті төлемдердің барлығын қосқанда біздегі көліктерден арзан шығатын еді. Қолма қол ақшасы барлар солай шетелден көлік те тасып жүргенін білеміз. Енді бұған да тосқауыл қойылуы мүмкін.
Сырттан көлік әкелгіңіз келсе оған құқығы бар адамға тапсырыс бересіз. Оның қызметі мен қолақысын қосқанда баға тағы өсіп кетеді. Сондықтан қазақстандық өндірушілерге бұл тиімді шешім деп отыр сарапшылар. Бүгін Мәжілістің отырысынан кейін тілшілер қаржы министрі Мәди Тәкиевтен осы мәселені сұраған еді. Ол мәселенің әлі де қарастырылатынын, нақты шешім 1 аптаның ішінде шығатынын, жеткізді. Яғни, 1 желтоқсанда өзгеріс болмауы да мүмкін.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27