Астанада ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының тұңғыш академиялық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Бес томнан тұратын кітап 2022 жылы дайын болған. Жинақтың жауапты ғылыми редакторы филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісмақова. Кітаптың бұрынғыларынан ерекшелігі ғалымның көзі тірісінде баспадан шығарған еңбектерінің түпнүсқасына теңестірілген көшірмесі негізінде жазылған. Сонымен бірге, әр шығармаға ғылыми түсініктеме берілген. Жалпы академиялық шығармалар жинағы 10 томдық. Оның электрондық нұсқасы Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының сайтына жүктелген. Еңбектері хронологиялық кезеңмен берілген. Айта кетейік, жинаққа «Әдебиет танытқыш» еңбегінің нұсқаулығы мен «Мәдениет тарихының» аңдатпасы бірінші рет жарияланып тұр.
Айгүл Ісмақова, филология ғылымдарының докторы, профессор:
Біз акадамиялық жинақтың шарттарына сай Ахмет Байтұрсынұлының еңбегінде ол кісі жазып үлгермеген кісі аттарына адамдарға қатысты, тарихи тұлғаларға қатысты, жер-су топонимика, қазақтың жырларында таулардың аттары бар ғой жер-су бұлақтардың бәріне тұңғыш рет анықтама бердік. Бұл кітаптың үштен бірі сол ғылыми түсініктемелер.
Асылбек Данияр