Биыл Қазақстан азаматтығынан 30 адам бас тартқан
Соңғы 5 жылда Қазақстан азаматтығынан бас тартатындар саны едәуір азайған. Бұл туралы бүгін Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізген мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты. Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралған жиында өзге де статистика айтылды. Мәселен 2019 жылы 1 мың 700 адам азаматтықтан бас тартса, 2024 жылдың 10 айында небәрі 30 адам осындай өтініш берген.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
2021, 2022, 2023 жылдары әр жыл сайын сәл жүзден асатын өтініш келіп отыр. Ал биыл 10 айда бар болғаны 30. 2019 жылдан бері 5 жылда азаматтықтан шығу туралы өтініштер саны 16 есе азайған. Бұл өте маңызды көрсеткіш. Яғни Қазақстан азаматтығы институтының беделі арта түскенін көрсетеді.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12