Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Украинада артиллериялық атқылау және әуе шабуылдары жиілеп кетті. Осыған байланысты елшілік Украинада жүрген отандастарымызға ескерту жариялап жатыр.
Олар мүмкіндік болса, қауіпсіз жерге көшуге немесе Украинадан кетуге кеңес береді. Егер сол елде жүрген азаматтарымыз Қазақстанға ораламыз десе, Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады.
Ескерте кетейік, Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы міндетті. Ал Молдова бойынша виза қажет емес. Қандай да бір мәселе туындаса, Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі ұсынған мына нөмірлерге хабарлассаңыз болады.
Украинада жүрген Қазақстан азаматтарының назарына
Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031
Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12