Каспий жағасынан 1 айда 2 мыңға жуық өлі итбалық табылған
Балық инспекциясы басқармасының мәліметінше, 24-қазаннан бері Түпқараған және Қарақия аудандары аумағындағы жағалауға бақылау жүргізілген. Нәтижесінде бір мыңнан аса итбалықтың ұшасы анықталды.
18-қараша күні бірлескен жұмыс тобы шекара қызметінің тікұшағымен Құлалы, Теңіз, Подгорный аралдары мен Қаражанбас, Қаламқас жеріне барған. Жағажайды әуеден барлау кезінде тағы 834 өлі итбалық табылып, жергілікті атқарушы органдарға хабар берілген. Ғалымдар теңіз суы мен итбалықтардың ағзасынан сынамалар алды. Бірақ оның қорытындысы әлі шықпаған.
Дәурен Гарабаев, облыстық балық инспекциясы басқармасының бас маманы:
Қазіргі таңда қорытындысын күтудеміз. Гидробиология және экология ғылыми ұйымының болжамы бойынша теңіздің ластануынан болуы мүмкін деген болжам бар. Балық шаруашылығы комитетінің болжамы бойынша теңіздің жерасты сілкінуінен, сондай табиғи құбылыстардан болуы мүмкін деген болжам бар. Мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіле береді.
Аягөз Орылбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанның әл-ауқат көрсеткіші артқан
25.12.2025, 20:58
Жылан жылында ел есінде қалған елеулі оқиғалар
25.12.2025, 20:57
«Қазақ әлемі 2» фильмі көрерменге жол тартты
25.12.2025, 20:54
Спорттағы жетістіктер
25.12.2025, 20:47
Қостанай облысында оңалту орталығы ашылды
25.12.2025, 20:33
Мал бордақылауға тиімді несие қарастырылған
25.12.2025, 20:30
«Болашақ» бағдарламасымен Жи және атом энергетикасы мамандары да білім алады
25.12.2025, 20:13
Сенат банк қызметіне қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
25.12.2025, 20:09