Өзбекстанның мемлекеттік сыртқы қарызы келесі жылы 45 миллиард доллардан асуы мүмкін. БҰҰ Даму бағдарламасы мен қаржы министрлігі әзірлеген «Азаматтарға арналған бюджет» жобасында осындай болжам келтірілген.
Осы жылдың алғашқы тоқсанында берешек көлемі 35 млрд-тан асқан еді. Ал бірінші жартыжылдық соңында 37 миллиард долларға жеткен. Бұл туралы елдің Экономика және қаржы министрлігі хабар таратты.
Өзбекстан ірі көлемде қарыз алған ұйымдар қатарында Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық валюта қоры бар. Сондай-ақ көрші мемлекет өзге де халықаралық қаржы ұйымдарына берешек. Сыртқы қарыздың жылдам арту себебін сарапшылар ел экономикасының шикізатқа тәуелді болуымен байланыстырады.
Базаркүл Отыншиева