Екібастұздағы МАЭС-1 станциясының қуат өндіру көлемі 1 000 МВТ-қа дейін азайып кетті. Яғни қазір 1 680 МВТ электр энергиясын өндіруде. Төрт энергоблок жұмыс істеп тұр. Ал, осыдан екі күн бұрын 6-шы энергоблокта ақау шығып қуат өндіру 50%-ға төмендеген еді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада кәсіпорындағы қою түтін мұржаның мойнынан ғана емес, асты-үстінен шығып жатқанын айтқан болатынбыз. Стансадағы нөмері 3-ші энергоблок шұғыл тоқтатылып, сегіз сағат бойы суытылды. Бүгін МАЭС-ке өңір басшысы Асайын Байханов барды. Дегенмен, бұл дефициттің әсері қаншалықты? Екібастұздағы МАЭС 2 мен Ақсу қаласындағы станция электр қуатын өндіру көлемін ұлғайтты ма? Бұл сауалдарға қатысты станция басшылығы немесе Энергетика Министрлігі тарапынан жауап жоқ. Мамандар кәсіпорындағы ақаудың себебін анықтайды дегеннен бері 5 күн өтті.