Қостанайда бір апта ішінде интернет алаяқтар тұрғындардың 17 млн теңгеге жуық қаржысын жымқырған. Жергілікті полиция басқармасында тіркелген дерек осындай. Мұндай қылмыс көбіне әлеуметтік желі арқылы жасалады. Алаяқтар өз тауарын ұсынып, алдын ала төлем жасауды сұрайды. Заң саласының, банктің қызметкері ретінде хабарласып, түрлі айла-шарғымен азаматтарды өз қаржысын басқа есепшотқа аударуға мәжбүрлейді. Жыл басынан бері Қостанай облысында мыңнан аса интернет алаяқтық қылмысы тіркеліп, оның 150-і ашылған. Бұл 14 пайызы ғана.
Рашид Мадияров, Облыстық ПД аға жедел уәкілі:
Облыста 10 айдың ішінде 1 100-ден астам интернет алаяқтық тіркелді. Тұрғындарға келтірілген жалпы шығын 2 млрд теңгеден асады. Ең көп таралған қылмыстың түрі - банк, полиция қызметкері болып аудио, видеоға түсіріп хабарласатын алаяқтар.
Дәуренбек Әбдібек