Қызылорда облысында атаулы көмек алушылар 2 жылда 54%-ға азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында атаулы көмек алушылар 2 жылда 54%-ға азайды

19.11.2024

Қызылорда облысында жыл басынан бері 474 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылған. Мамандар зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында жалған құжат тапсырып, табысын жасырғандарды анықтап, нәтижесінде қазынадан бөлінген 1 миллиард 200 мың теңге үнемделді.

Ал 89 отбасы өз еркімен атаулы әлеуметтік көмектен бас тарқан. Президент елімізде шын мұқтаж адамдарға мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетілуі тиіс деген болатын. Осыған орай 2022 жылдан бастап аймақта арнайы мониторингтік топ құрылып, аталған салаға ұдайы тексеру жұмыстарын жүргізіп келеді. Мәселен 2021 жылы өңірде 70 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, қазір олардың саны 32 мыңға дейін төмендеді.

Ғабит Жаңабаев, Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

Мониторингтік топпен 2 жыл 10 айдың ішінде 54 пайызға төменге түсірдік. Шамамен 38 мыңдай адам атаулы әлеуметтік көмек алудан тоқтатылды. Олар бойынша жалпы 2022 жылдан бастап, 2 жыл 10 айдың ішінде 3,3 млрд теңге қаржы үнемделіп отыр.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу