Алматыдағы автобус апаты: Айыпталушы кінәсін толық мойындады
Алматыда қайғылы оқиғамен аяқталған автобус апатына қатысты сот өтіп жатыр. Отырыста айыпталушы кінәсін толық мойындап, оң жақтан келіп соққан автобусты көрмегенін айтты. Ал оның қорғаушысы жәбірленушілерге келтірілген шығынды толығымен өтегенін атап өтті.
Сот отырысына жәбірленушінің ағасы да қатысты. Ол Әнел Сартаеваның кешірімін қабылдағанын, ал материалдық шығынды қабылдаудан бас тартқанын айтты. Келесі сот отырысы қарашаның 25-нде өтеді.
Еске салайық, биыл маусым айында Алматыда KIA маркалы көлік жүргізушісі Мақатаев көшесін кесіп өтіп, 18-ші бағыттағы автобуспен соқтығысқан еді. Оқиға салдарынан автобустағы 25 жолаушы зардап шегіп, бір адам көз жұмды.
Әнел Сартаева, айыпталушы:
Мен зардап шеккендердің бәрінен кешірім сұраймын. Ал марқұмның отбасына қайғыра көңіл айтамын. Олардың отбасына түскен ауыртпалықтың қаншалықты қиын екенін білемін. Өткен іске өкінетінімді айтқым келеді.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17