Қазақтан шыққан тұңғыш әйел дәрігер, Орта Азияда заманауи медицинаның қалыптасуына үлес қосқан Гүлсім Асфендиярова Ташкентте жерленген. Жуырда қазақстандық ғалымдардың атсалысуымен оның зиратына мемориалдық кешен орнатылды. Игі іске тарихшылар, медицина мамандары мен Қазақстан елшілігі бастамашы болды.
Гүлсім Асфендиярова – көрнекті қоғам қайраткері Санжар Асфендияровтың туған әпкесі. Ол бауырының медицина саласын таңдап, білікті дәрігер болуына ықпал еткен. Ал өзі денсаулық сақтау, оның ішінде гинекология бағытын дамытуға атсалысты. Бір өкініштісі, марқұмның қайда жерленгені белгісіз еді. 2021-ші жылы «Қазақтарды еске алу» тобының еріктілері Гүлсім апамыздың зиратын Ташкенттен тапты. Содан бері отандық ғалымдар көршілес елдің мұрағатынан тың деректерді жинақтай бастады.
Алмас Жүнісбай, тарихшы, санжартанушы:
Ташкент ол кезде екіге бөлінген, жаңа және ескі болып. Сол мұсылман бөлігі ескі Ташкентте балалардың өмірге келуіне, аналардың денсаулығын қорғауға перзентхана ашып, соны ұзақ жылдар басқарды. Одан соң 1919 жылы жергілікті ұлт өкілдерінің арасынан акушер қыздарды дайындайтын арнайы курстар ашылды. Сол курстың программасын жасаған Гүлсім Асфендиярова болатын.
Базаркүл Отыншиева