Шаруалардың қарызды қайтару мерзімі ұзартылды
Шаруалардың несие қарызын өтеу мерзімі ұзартылады. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті. Министр келтірген ақпаратқа сәйкес, бүгінде 119 фермерден қарызды өтеу мерзімін ұзарту бойынша өтініш келіп түскен. Олардың жалпы берешегі 5 млрд теңгеден асады.
Министр шаруалардың қарызды өтеу мерзімі жекелей қаралады деп түсіндірді. Айта кетейік, бүгін Мәжілісте биылғы егінді сақтау, өткізу мәселелері талқыланды. Соңғы екі айдың ішінде 2 млн тоннадан аса астық экспортқа шығарылған. Сұраныс артса, экспорт көлемін 12 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған.
Айдарбек Сапаров, Ауыл шаруашылығы министрі:
Былтырғы жылдары Иранды жоғарылатып алғанбыз. Бұрын миллионнан астам астықты сол жаққа жіберетінбіз. Былтыр өте төмен болды. Биыл қайта орнына келіп жатыр. Ақырын Иранға, Египетке кіріп жатырмыз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09