Елімізде жұмыс істейтін зейнеткерлердің саны 298 мыңнан асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жұмыс істейтін зейнеткерлердің саны 298 мыңнан асады

17.11.2024

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс істеп жүрген зейнеткерлерге зейнетақы төлемеу туралы ұсыныс айтқанын өткен бағдарламада сөз қылдық. Тақырыпты талдаймыз дегенбіз, талдайық.

Министр С.Жақыпова «Еңбек нарығына биыл 300 мың-дай жас адам шықты. Оларға жұмыс орындары керек. Сондықтан сарапшылар осындай ұсыныстар беріп отыр» - деді. Өткенде де айттық: жастардың жұмыс орындарын ұсыну – міндет. Түрлі инструмент, тәсіл ойластырылады, ол – дұрыс.

Бірақ зейнеткер зейнетақысы өте аз болғасын жұмыс істейді. Екінші жағынан, зейнеткерді жібермейтін мекемелер бар. Себебі білікті маман көп емес. Ал зейнеткерлікке дейін сіңген тердің өтеуін төлемеу, жұмсартып айтқанда жеңілтек шешім.

Сонымен жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер кімдер? Еңбек нарығындағы реал көрініс қандай? Данияр Қайыртай материалына шикізат жинағанда спикерлер бүйдейді: «Иә, білеміз, бюджет тапшы, түсім аз.

Не істейді - зейнеткерлердің қалтасына қол жүгіртіп көрмек». Ал мысқылдап болып айтқандары: Одан да өнеркәсіпті тірілтсін. Қолыңды тарт, зейнеткерден!


Хабарламаларға жазылу