Президент «Қазақстанның Еңбек ері» атағы мен «Отан» орденін «Зенченко және К» серіктестігінің бас директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға берді.
Бұл СҚО-да орналасқан сапалы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Сапалы деген көпірме сөз емес, мысалы, астаналықтар бұл кәсіпорынның өнімдерін жапа-тармағай алады. Кәсіпорынның негізін қалаған марқұм әкесі де Еңбек ері атағын алған. Зенченкодан бөлек, орден-медальді тағы бірнеше аграрлық сала өкілдеріне тақты. Жұмада ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өткен, сонда. Шаруасы дөңгеленген шаруашылықтар бар.
Дегенмен қыруар қаржы бөлінетін, бірақ қарапайым шаруа еңсесін бір көтере алмай-ақ қойған аграрлық саланы коррупция, лобби, өтірік ақпар сияқты дерт жайлаған. Жеңу оңай емес. Бірақ жеңу керек.
Қ.Тоқаев «...Көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жеңілдетілген несие биылғы желтоқсан айынан бастап беріледі. Соның нәтижесінде диқандар жанар-жағармайды, қосалқы бөлшектерді, басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді уақытында сатып ала алады, – деді.
Залға жиналған 2 мыңнан аса адам жігерленген баяндаманың концептуалды нұсқасын Данияр Қайыртай баяндап береді.