Соломон аралдарынан әлемдегі ең үлкен коралл табылды
Соломон аралдарынан ең ірі коралл табылды. Үлкендігі соншалық, ол ғарыштан көрінеді. Мөлшері жағынан әлемнің ең ірі жануары көк китпен бірдей. Ені - 34, диаметрі- 32 метр, ал биіктігі 5,5 метрден асады. Коралды ғалымдар экспедиция барысында тапқан.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, оның 300 жылдық тарихы болуы мүмкін. Зерттеушілердің сөзінше, табылған маржан рифі өте жақсы қалыпта сақталған. Бұл оның тереңде орналасуымен байланысты болуы мүмкін.
«Рейтер» мәліметіне сай, коралдардың 44 пайызына климаттың өзгеруі мен мұхит температурасының жоғарылауынан жойылып кету қаупі төніп тұр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04