Астанада кәсіби-техникалық дағдылар чемпионаты өтіп жатыр. Оған елдің барлық өңірінен 555 қатысушы 30 түрлі мамандық бойынша өз шеберліктерін көрсетеді. Чемпионат өтіп жатқан алаңға Премьер-Министр Олжас Бектенов барып, колледж студенттерімен кездесті.
Әңгімелесу барысында олардың алған білімдерінің сұранысқа ие екенін ерекше атап өтті.
Сонымен бірге, сол жерде колледж басшылығымен де кездесу өтіп, білім беру сапасын арттыру мақсатында кадрлар даярлау бойынша өзекті мәселелерді талқылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2030 жылға дейін кадрларға жалпы қажеттілік 1,8 миллион адамды құрайды, оның ішінде техникалық білімі бар 1 миллионға жуық жұмысшы қажет. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі салаларында үлкен сұраныс күтілуде.
Асылбек Данияр