«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы акцонерлік қоғамы қысқа толық дайын. Қазір өңірлердегі станциялар мен аралық дистанциялардың қарын тазалайтын 280 арнайы техника бар. Олардың көбі негізінен қысы қатты өңірлерге берілген. Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істейтін мамандар Өскемен-Риддер бағытындағы темір жолды қалың қардан дер кезінде тазалады.
Жақсы техника болса, қар қанша қалың түссе де теміржолшылар қиналмайды. Жауған бойда шығарып үлгереді. Биыл Риддер қаласы мен оның аумағына бір айлық мөлшердегі қар бір күнде жауды. Басқа коммуналдық мекемелер сияқты темір жолшылар да қар шығаруға кірісті.
Серікжан Сәмбетбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Өскемен дистансиясының бас инженері:
Негізі бізде техника көп қой. Осындай қар күрейтін 9 дана бар. Бүкіл диистанция бойынша 252 шақырым біздің учаске бар. Жалпы дистанция бойынша 15 станция бар. Оның ішінде он екісі жүкке арналған. Бәрінен жүк тиеледі, жөнелтіледі. Түгел жолдың бәрі, станцияның бәрі таза болу керек.
Таза болу үшін бір бригаданың өзінде аз дегенде 10-15 адам екі ауысыммен жұмыс істейді. Нәтижесінде алғашқы қар түскеннен бері тек 5 мың текше метр қар шығарылды.
Әлихасан Тұрабев, қар тазалау техникасының машинисі:
Техникамыз жақсы. Өйткені жаз бойы тоқтаймай жөндейміз.
Жөнделген техниканың пайдасын теміржолшылар қар жауғанда көріп жатыр. Тек темір жол бойы ғана емес, пойыздар тоқтайтын станциялар мен вокзалдардың маңындағы қарды да шығарады.
Ерасыл Бақытбеков, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Риддер станциясының бастығы:
«Өскемен-1» станциясынан Риддер станциясына тәулігіне 5 жүк пойызы келіп тоқтайды. Жолаушылар пойызы кестеге сай жүріп жатыр. Жүк пойызы станцияға кірген бетте тоқтамай вагондар уақытымен беріліп жатыр.
Жолддағы қар ұстайтын арнайы қоршаулар да жөнделді. Бағыттамалық бұрмалар үздіксіз жұмыс істеу үшін станцияларда пневматикалық үрлеу жүйелері үнемі дайын тұрады.
Олжас Керейхан