15 қараша - Ұлттық валюта күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 қараша - Ұлттық валюта күні

15.11.2024

Бүгін – Ұлттық валюта күні. Осыдан 31 жыл бұрын, дәл осы күні тәуелсіз Қазақстанның төл теңгесі айналымға шықты. Сол күннен бастап еліміз дербес қаржы саясатын жүргізе бастады. Ширек ғасыр ішінде теңгеміз әлемдік ақша нарығында өз орнын тауып, талай рет түрленіп, бейнесі де өзгерді.

Тарихи тұлғаларымыз бейнеленген алғашқы купюралардың дизайнын Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов және Қайролла Әбжәлеловтер жасаған. Валютаны Ұлыбританияның ең көне әрі әйгілі «Харрисон және ұлдары» атты фабрикада басып шығарды. Ал оны елге жеткізу үшін төрт ИЛ-86 ұшағы Тұманды Альбионға 18 рет барып келген.

31 жылда теңгенің кескіні 5 рет өзгерді. Теңгенің депозит қоры биыл 1,9 трлн-ға өсіп, 28,5 трлн теңгеге жетті. Ал шетелдік валютамен сақталған ақша 60 млрд теңгеге қысқарып, 8 трлн теңге болды. Экономист-сарапшының пікірін тыңдайық.

Мақсат Халық, сарапшы:

Қазір соңғы үрдістерге қарасақ, ұлттық банк пен билік бір консенсусқа келе бастаған сияқты. Еліміздің үміті ақталады. Екеуі бірге инфляциямен күресетін болса, ол деген сөз елімізде бизнес үшін арналған несиелер, ипотекалық несиелер ертең 11-10 пайыз деңгейінде қолжетімді бола бастайды. Бізге меніңше сол керек. 

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу