«Alayaq.net» жобасы аясында 200-ден астам алаяқтық жоспар анықталған
Қазақстанда «Alayaq.net» жобасының арқасында 200-ден астам алаяқтық схемалар ашылды. Бүгін Астанада жобаның қорытындылау форумы өтті. Қазақстанда жастардың қаржылық сауатын арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған жоба екі жыл бойы жүргізіліп келген. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде еріктілер мен құқық қорғау органдары заңсыз онлайн-казинолар сияқты алаяқтар схемасын әшкереледі. Жоба аясында «Alayaq.net» сайты да іске қосылды. Оның көмегімен пайдаланушылар алаяқтық оқиғалар туралы хабарлап, қаржылық сауатын арттыра алады.
Абылайхан Әбдіраш, «Alayaq.net» жобасының негізін қалаушы:
Мысалы, жобаны қамту аумағы 10 млн болу керек болған. Біз оны 100 млнға дейін көтеріп тастадық. Жоба аясында 500 адамға қаржылық сауаттылықты көрсету көзделген болған біз 100 мыңнан асырып тастадық. Сол секілді көптеген индикаторларды біз 10-20 есе асыра орындаған кездеріміз болды.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04