Вьетнам кәсіпкерлері Өскеменде кәсіпорын ашуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнам кәсіпкерлері Өскеменде кәсіпорын ашуға ниетті

15.11.2024

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы ынтымақ нығая түспек. Мәселен тараптар алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысында бірлескен кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр. Вьетнамдық инвестиция құюға ниетті кәсіпкерлер желтоқсан айында шығысқа келіп, жағдаймен таныспақ. Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев пен Вьетнамның Бак Нинь провинциясы Халық комитеті төрағасының орынбасары Ле Суан Лой бауырластық қатынастарды орнату жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісімінің маңызы зор. Өйткені болашақта екі елдің экономикасының дамуына серпін бермек. Өнеркәсіп, ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік салаларда ынтымақ арта түседі. Сонымен бірге сала мамандары бір-бірімен жиі тәжірибе алмады, - деді өңір басшысы.

Ермек Көшербаев, ШҚО әкімі:

Жеңіл өнеркәсіпті, өздеріңіз білесіздер маталар бар. Олардың бизнесмендері, жеңіл өнеркәсіпті жұмыс істейтін мамандары жоғары тәжірибелі. Бізге келіп осы шекаралық жақта бір индустриялық аймақ ашса біз өз халқымызға маталардан керекті киім, аяқ-киім тігу мәселелері, сондай кәсіпорындарды қоссақ дұрыс болады деп ойлмаймын.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу